Әзірбайжанда соңғы тәуелсіз БАҚ жабылды

/uploads/thumbnail/20170828122808454_small.jpg

Әзірбайжан – әлемдегі сөз бостандығы көрсеткіші ең төмен мемлекеттердің бірі. BBC-дің хабарлауынша, Әзірбайжанда соңғы тәуелсіз БАҚ – Turan ақпарат агенттігі жабылайын деп жатыр. Жақында агенттіктің жетекшісі қамауға алынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мехман Алиевті салық төлеуден бас тартқаны үшін қамауға алған. Ал ақпарат агенттіктің жетекшісі Алиевтің айтуынша, бұл – алдын ала құрылған тұзақ, «саяси тапсырыс».

Журналистерді қорғау Еуропалық Комитеті Әзірбайжанды Мехман Алиевті қудалауды тоқтатуға шақырған.

Айта кетейік, Әзірбайжанда 158 адам саяси қудалауды бастан кешірген тұтқын, олардың 10-ы журналистер мен блогерлер.

Қатысты Мақалалар