Сомалидегі құрғақшылық: 3 млн. адам аштықтан өлгелі жатыр

/uploads/thumbnail/20170828110546064_small.jpg

Сомали бүгінгі таңда кедей елдердің қатарында тұр. Қазір елде құрғақшылық болып жатыр, – деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың сайтына сілтеме жасай отырып. Былтырғы жылдың қараша айынан бастап 740 мыңға жуық адам су мен азық іздеп елден жыраққа кеткен.

Қазіргі кезде лагерьлерде босқындардың саны өте көп. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың саны 6 млн. екені де белгілі болды.  Ал 3 млн. адам аштықты бастан өткеріп, өлім аузында жатыр, олардың 257 мыңы балалар екен.

Сомали елінде 2 жыл бойы жауын-шашын болмаған. Құрғақшылық кезінде адамдар мен жануарлар түрлі ауруларға шалдығып, көз жұмуда.

Қатысты Мақалалар