«Бұзықтар өледі
Пышаққа құлшынып.
Сұлулар өледі
Құшақта тұншығып.
Арғымақ өледі
Артына шаң қалып.
Ақындар өледі
Бәріне таң қалып!»
Қадыр Мырза Әлі
Патшалар өледі – тақ үшін таласып.
"Қызтеке" өледі – бір-бірін "жаласып".
Депутат өледі – "төрт қолын" көтеріп,
"Шеккіштер" өледі – түтінге жөтеліп.
Спортшы өледі – "допинг" татып ап.
"Жезөкше" өледі – "насыбай" атып ап.
Еркектер өледі – "сол" жаққа жүз барып.
Қатындар өледі – байларын қызғанып.
"Бомждар" өледі – жамбасын мұз қарып.
Шал байқұс өледі – кемпірін жеңе алмай.
Кемпірлер өледі – келіннен кек алмай.
Парақор өледі – алғанын "жей" алмай.
Арызқой өледі – әркіммен соттасып.
Әзілқой өледі – тілінен "шоқ" басып.
Олигарх өледі – мұнайға "тұншығып".
Мансапқор өледі – билікке құлшынып.
Аралар өледі – ұяға бал салып.
Әншілер өледі – тойларда ән салып.
Кедейлер өледі – арызы қаралмай.
Оралман өледі – азамат бола алмай.
Жазушы өледі – кітабы таралмай.
Ақындар өледі – гонорар ала алмай!
Аймұханбет Бейсембеков