Ғалымдар адамның қанша жасқа дейін өмір сүре алатынын анықтады

/uploads/thumbnail/20170902114149239_small.png

Нидерландтық ғалымдар өмір сүрудің ең  ұзақ мерзімін анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тилбург университетіне сілтеме жасап. Зерттеуге сәйкес, әйелдер 115,7 жасқа дейін өмір сүрсе, ер адамдар 114,1 жасқа дейін өмір сүре алады.  

Мамандар 1986-2015 жылдар аралығында адамның өмір сүру ұзақтығы еш өзгермегенін байқаған.

Жер бетіндегі ең ұзақ өмір сүрген адамдардың бірі – француздық Жанна Кальман. Ол 1997 жылы тамыз айында қайтыс болды. Жанна Кальман 122 жыл 5 ай және 14 күн өмір сүрген. Оның туған жылы мен қайтыс болған датасы ресми түрде тіркелген.  

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар