АҚШ-та ер адам банктегі 9 адамды кепілдікке алған

/uploads/thumbnail/20170923103513873_small.jpg

АҚШ-тың Теннесси штатында оқыс жағдай орын алды. Мұнда белгісіз ер адам пышақпен банк ғимаратына басып кіріп, 9 адамды кепілге алды. Кейіннен төрт адамды  босатқан. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Вести.ру-ға сілтеме жасап хабарлайды.

54 жастағы мачете қылышымен қаруланған ер адам  қалған 5 адамды ғимараттан шығармай ұстап отыр. Полицейлер банкті қоршауға алып, қаскөймен келіссөздер жүргізіп жатыр.  Жаңа түскен ақпарат бойынша, қаскөй кепілге алған адамның барлығын босатқан. Ешкім зардап шекпеген. Қазіргі кезде банкте тек жалғыз өзі қалып отыр. Қаскөйдің бұл әрекетке не үшін барғаны анықталған жоқ.

Қатысты Мақалалар