Міне біз де қарбалас аптаның соңына келіп жеттік, осы аптада әлемде болған басты жаңалықтармен бөлісуді жөн көріп отырмыз.
Мынадай маңызды бес түрлі оқиға орын алған болатын:
- Лас-Вегастағы атыс
- Иран келісімі
- Нейт тропикалық дауылы
- Ресейдің Трамп сайлауына қатысы әлі де тергелуде
- Испаниядағы Каталония референдумы
Лас-Вегас
Ұлттық қару-жарақ ұстау жөніндегі заңның салдарынан қазіргі Америка тарихында қандай қайғылы оқиға болуы мүмкін екендігі күллі әлемге әйгілі болды.
Ақ үй, демократтар және республикалықтар, тіпті АҚШ Ұлттық атқыштар ассоциациясы (NRA) заңдастырылған қару ұстау жөнінде қарап отырмай, шаралар жасау керек деп бір ауыздан келісіп отыр.
Әлі күнге дейін мыңдаған адамды жарақаттап, 58-ге жуығының өмірін қиған Стефен Паддоктың көздегені не болғандығы белгісіз. Оның қонақүй бөлмесіндегі 23 қарудың 12-сінде өрт шығару мүмкіндігі болған.
Осы оқиғадан соң АҚШ-тың үйренері көп, біріншіден, ол тек адамдарға ғана қаруын көздеген жоқ, ол McCarran халықаралық әуежайы маңындағы жанармай танкін де отқа орады. Өкілеттілердің айтуынша, ол жерде жарылыс болу қаупі мүлдем болмаған, бірақ танк жарылды. Екіншіден, Стефен Паддок есімді біреу тамыз айында Чикагодағы қонақүйден алдын ала бөлмеге тапсырыс берген. Бірақ оған ешкім де кілтін сұрап келмеген.
Лас-Вегастағы бұл оқиғадан аман қалғандар өмірлерінің осы 6 сағатын тозақпен теңейді.
- Иранның ядролық келісімі
Президент Трамп Иранның ядролық келісімі туралы шешімін қабылдап болды, бірақ бұл нені білдіреді?
Трамптың айтуынша, Обаманың пакті АҚШ-тың қызығушылығын таныта алмайды және конгресстің 60 күндік шолуы арқылы қабылданған шешім осылайша қала береді. Сыншылар Трамп АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін таза саяси мақсаттарға пайдаланып, қатер төндіруде деп санайды.
- Нейт тропикалық дауылы
Нейт тропикалық дауылы Коста –Рико, Гондурас және Никарагуада 22 адамның өмірін қиғаннан соң Мексикаға беттеді. Бұл дауыл қайтадан ашық теңізге оралмас бұрын Мексиканың Юкатан түбегіндегі тағы бір жерде ойран салуы мүмкін.
Одан кейін Нейт дауылы Нью-Орлеан, Флорида, Луизиана және Алабама штатына беттеуі мүмкін.
4. Ресейдің Трамп сайлуына қатысы әлі де тергелуде
Арнайы кеңесші Роберт Мюллердің тергеушілері өткен жылдың жазында бұрынғы британдық шпионмен кездесті. Детективтер «Трамп» науқанына көмектесу үшін Ресейдің күш жұмсауына қатысты ақпаратпен Трамп үкіметінде таныс екі адамның бар екендігін анықтады.
Бұрынғы МИ-6 офицері Кристофер Стил арқылы тергеушілер Трамптың сайлау науқанымен байланысты заң бұзушылықтардың ресейлік шенеуніктермен байланыстылығын анықтауда.
- Испаниядағы Каталония референдумы
Каталонияның көшбасшылары келесі аптада аймақтың азаттығын жарияламақ болып еді, бірақ Испанияның жоғарғы соты бұл үдерістің тым тез бола салмайтындығын мәлімдеді.
Конституциялық сот Каталонияның аймақтық парламентінің отырысын дүйсенбі күнге қалдырды, онда аймақ ресми түрде декларация жасайды.
Полициямен болған қақтығыстарға қарамастан, Каталониядағы сайлаушылар бір апта бұрын тәуелсіздік туралы референдум жасаған болатын. Бірақ Испания үкіметі дауыс беру заңсыз екенін айтқан. Каталония парламентін не күтіп тұрғаны әлі белгісіз.
Пікір қалдыру