Эр-Риядтағы шеберханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты (фото)

/uploads/thumbnail/20171015150746315_small.jpg

Сауд Арабияның астанасы  Эр-Риядтың шығысында орналасқан ағаш шеберханасы өртеніп, 10 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Сонымен бірге аталған өрттен 3 адам зардап шеккен.

«Өрт ағаш Бадр ауданындағы ағаш шеберханасында болған.  Өрттің кесірінен 10 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатын алған», — деп жазды азаматтық қорғаныс бөлімі өзінің twitter парақшасына. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз болып отыр. 

Қатысты Мақалалар