Тəнін сатып қыз да жүр, ана да жүр...

/uploads/thumbnail/20171026133148911_small.jpg

Шайтан-базар ал да сат, ала дүбір. 
Тəнін сатып қыз да жүр, ана да жүр. 
Өмір сүргім келмейді бұл ғасырда,
Бұл ғасырға 
хайуаның, ханың да бір.

Жамандықтың ырқына көне тұра,
Жақсылықтан мін іздейтін.
Тілдейтін. 
Дос та болғым келмейді адамдармен
Адамдарды адамсынды көрмейтін.

Ал біреудің өктем шықса дауысы,
"Ей,кімсің? Орныңды біл!"- дейтін. 
Қарындасы болғым да жоқ ағаның,
Ағалықтың не екенін білмейтін.

Сауыты жоқ батырсымақ көп ерлер,
Бөрік түгіл тақия да кимейтін.
"Мен сенен де алыппын ғой - деп биік"
Биіктігі "тілі" екенін білмейтін.

Алтынынан ыршып түскен асылды,
Тірісінде қадіріне жетпейтін. 
Өлгенінде жанашырдың кейіпінде
Шын өмірде бір дұға да етпейтін.

Жағымсыну жəне оның сыйқысы.
Сырты бүтін болғанымен күйкі іші,
Дүниекоңыз боқ жиығаны болмаса,
Кііі-ісі болып қалатыны кей кісі.

Шайтан-базар, шыбын жан, ала дүбір,
Ал мен сат деп шал да жүр, бала да жүр.
Қанша арпалыс болса да, майдан өмір,
Болсыншы тек хан да бір, қара да бір.


Үміт Нұраддин

Қатысты Мақалалар