Хорватиялық генерал Слободан Пральяк Гаагалық сот 2012 жылғы үкімді күшіне қалдыруды шешкенде у ішкен. Бұл сәтті ТВ операторлары түсіріп алған.
Генерал бұрынғы Югославияда әскери қылмыс жасады деп айыпталған.
Кадрден Пральяктың үкімді естігеннен кейін стакандағы сұйықтықты ішіп алғанын көруге болады. Ол сотқа у ішкенін айтқан. Оның сөзін адвокаты да растады.
Сот тоқтатылды, дәрігерлер келіп Пральякқа медициналық көмек көрсетті. Әзірше Пральяктың жағдайы белгісіз.
L'imputato, 72 anni, prima di bere il contenuto della fiala (?) ha gridato "Praljak non è un criminale". Il tribunale ha confermato il primo verdetto di condanna nei suoi confronti: https://t.co/ArUa1hTCF7 pic.twitter.com/g3new70TlY
— euronews Italiano (@euronewsit) November 29, 2017
Пікір қалдыру