Бұхара облысының тұрғыны Шерали Махмудовты адам саудасы үшін он жылға соттаған, оның адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Арыз 1 желтоқсанда қаралады. Бұл туралы centralasian.org жазады.
17 қазанда шығарылған сот үкімі бойынша, Түркияда Махмудов онкологиялық ауруын емдеу үшін барған Өзбекстан тұрғыны Севара Гулямованы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Махмудовтың адвокатының пікірінше, сот үкімі әділ болмады. Ол өзінің қорғауындағы азаматты сот залынан босатуын сұрады.