Данэлия Төлешова бейнебаянын жариялады (видео)

/uploads/thumbnail/20171228092158763_small.jpg

Қазақстанның жас әншісі, Украинада өткен «Голос. Діти» байқауының жеңімпазы алматылық Данэлия Төлешова «Другие» әніне бейнебаян түсірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бейнебаянды әнші өзінің  YouTube арнасына жариялаған.

Алматылық Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» байқауында жеңімпаз атанды.

Ақтық финалда 11 жасар Данэлия«Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» əнін шырқады. Көрерменнің жүрегін тебірентіп, тамсандырды. Жетекшісі MONATIK көзіне жас алды. Әлемнің әр түкпірінен таланттар сынға түскен байқауда жеңіске жеткен Данэлия «Наше радионың» 3 айлық ротациясы мен Париждегі Disneyland-ке жолдама алды.

Қатысты Мақалалар