Өзбекстандық футболшы Қазақстан атынан ойнауы мүмкін

/uploads/thumbnail/20171230095746850_small.jpg

Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Иван Нагаев қазақстандық клубта өнер көрсетуі мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.uz мәліметіне сүйеніп.

Спорт агенттігінің хабарлауына қарағанда, өзбекстандық форвард жаңа сезонда Қазақстан атынан алаңға шығуы мүмкін.

Алайда қандай клуб екендігі айтылмаған.

Айта кетейік, 28 жастағы футболшы Өзбекстанның «Бухара» клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда 11 ойынға қатысып 7 гол соғып үлгерген. Иванға ұсыныс тек қазақстандық командалардан ғана түсіп отырмаған көрінеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар