«Қазгидромет» РМК 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстігінде, орталығында және шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын болуы мүмкін.
Республиканың кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жаланашкөл ауданында 17-22 м/с жел күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерде тұман, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Пікір қалдыру