Алматы полициясы стриптиз-клубтың басшысы мен оның әкімшісін жеңгетайлық әрекеті үшін ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клубта жасалған қылмыстық әрекетті әшкерелеу үшін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Клуб басшысы мен әкімшісі қонақтарға жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынғаны үшін күдікті деп танылды. Клуб басшысы жезөкшелерді $300 сатып отырған. Егер қонаққа қосымша ерекше жағдайдағы бөлме қажет болса қызмет құны жоғарылайтын. Тексеру жұмысы кезінде 22 жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Оның үшеуі Ресей азаматшасы және екеуі Өзбекстан азаматшасы» деді Алматы қаласының ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.
Пікір қалдыру