Қазақстан азаматтары SMS арқылы туу туралы куәлікке тапсырыс бере алады

/uploads/thumbnail/20170720123949458_small.jpg

«Ұлттық ақпараттық технология» АҚ мен уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп қызмет көрсетудің жаңа түрінің пилоттық жобасын ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспановқа сілтеме жасап. Таңғы 9-дан қазіргі уақытқа дейін 192 анаға SMS хабарлама жіберілді. Онда қызмет көрсетудің жаңа түрі жазылған.

Сәбиді тіркеу туралы өтініш ақпараттық жүйе арқылы азаматтық жағдайдағы акттерді тіркеуге автоматты түрде түседі. Бала дүниеге келгеннен кейін сәбиге туу туралы куәлікке тапсырыс беру туралы хабарлама келеді.

Аталмыш жоба Қазақстан бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның қызметін пайдалану үшін электронды үкімет порталында тіркеуде болу қажет. Оны www.egov.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы жүзеге асыруға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар