Белгісіз біреу Қызыл алаң маңында атыс ұйымдастырды, соның салдарынан екі адам зардап шеккен. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Полицей қызметкерлерінің мәліметінше, сағат 22:32 уақыт шамасында Никольск көшесінде жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Алдын-ала мәліметке сәйкес, Ресей тұрғындары арасында жанжал туындап, нәтижесінде белгісіз адам оқ атып, екі адамды жаралаған. Артынша ізін суытып үлгерген.
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде. Ал зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Пікір қалдыру