Екі жыл бойы іздеуде болған қанішер ұсталды

/uploads/thumbnail/20171231103049775_small.jpg

Адам өлтірді деген күдікпен Алматының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Қарасай ауданында 2 жылдан бері тіркеуде тұрған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық ІІД-іне сілтеме жасап хабарлайды.

2015 жылдың 23 қыркүйегінде Қарасай ауданындағы саяжайлардың бірінде жас жігіттің өлі денесі табылған. Жедел іздестіру шаралары барысында адам өліміне қатысты үш күдікті анықталған. Оның екеуі ұсталып, үшіншісі сытылып үлгерген.

«Күдіктіні іздеу барысында ауданның қылмыстық-тергеу бөлімі түгел жұмылдырылды. Нәтижесінде 29 желтоқсан күні адам өліміне қатысы бар үшінші қылмыскер Алматы пәтерлерінің бірінен табылды. Қазіргі уақытта ол Қарасай аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде отыр», - делінген облыстық полиция хабарламасында.

Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес жүріп жатыр. Қылмыскер қамауға алынды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар