Қазақстандық әнші, бұрынғы АБК тобының әншісі Ерлан Көкеев Bek Air компаниясын сотқа бермек,деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында әнші өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Бүгін таңертең Алматы қаласына келіп қондық. Дәл осылай (суреттегідей ред.) өз аспаптарымызды алдық. 25 жылдық гастролдік сапарымның ішінде бірінші рет аспаптарды осындай қалпында алып тұрмыз. Бұл жай ғана аспаптар емес! Бағалы музыкалық аспаптар! Сыртында «Абайлаңыз, әйнек» деген жазу бола тұра осындай жағдай болды".
Сонымен қатар, әнші аспаптарды ала салысымен компания өкілдерін іздегені туралы жазды.
«Біз әуежайда Bek Air компаниясын өкілдерін талап еттік. Ал орнында бірде бір Bek Air компаниясының өкілі болған жоқ. Біз олардың кеңселеріне барғанда, күзетші бүгін демалыс екенін, кеңседе ешкімнің жоқ екенін және ешқандай көмек бере алмайтынын айтты» деп жазды әнші.
«Адвокатпен ақылдаса отырып, біз полиция шақырдық және әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге аталған істі суреттермен нақтыладық. Енді сотқа Bek Air компаниясының үстінен моралды шығын келтіргені үшін арыз түсірмекпіз",-деп жазды Ерлан Көкеев.
Пікір қалдыру