Шетелде мерт болған қазақстандықтар: Қорқынышқа толы күн мен түн (фото)

/uploads/thumbnail/20180122162939664_small.jpg

Кеше Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне шабуыл жасалып, 43 адам мерт болды. Олардың арасында 1978 жылғы Қазақстан азаматы да бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлер күзетшіні атып өлтіріп, ғимаратқа ас үй арқылы өткен. Полицейлер 17 сағат бойы экстремистерді ғимараттан шығарып, тұтқындарды босату үшін күресті. Соның нәтижесінде, шабуылдаған алты адамның көзі жойылды. 150 тұтқын босатылды. Оның 40-ы шетел азаматтары мен қонақүй қызметкерлері.

Шабуылды Талибан қозғалысы өз мойнына алды.

Бұған дейін де Қазақстан азаматтары шетелде теракт салдарынан көз жұмған.

2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы теракті

Теракті

2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған терактіде 19 террористен бөлек, 2977 адам қаза тапты. 24 адам хабар-ошарсыз кетті. 6300 зардап шекті.

Қайтыс болғандардың арасында Қазақстан азаматшасы Жанетта Цой да бар еді. Ол сауда орталығында орналасқан «Марш» компаниясына жұмыс істейтін.

«Норд-Ост» мюзикл кезіндегі теракті, 2002 жыл

Норд-Ост

Теракті екі күнге созылды. 23-26 қазан аралығында қарулы топ Мовсар Бараевтың басшылығымен «Норд-Ост» театрына келген көрермендерді тұтқында ұстады.

Тұтқынға алынған адамдардың саны 916 болды. Ресми деректерге сәйкес, 130 адам көз жұмды. Ал «Норд-Ост»  қоғамдық ұйының мәліметінше, 174 адам мерт болған. Олардың арасында 13 жастағы Александра Литяга есімді Қазақстан азаматшасы да бар. Тұтқындардың арасында төрт Қазақстан азаматы болған.

Кабулдағы шабуыл, 2015 жыл

Кабул

«Park Palace Hotel» қонақүйіндегі террористік шабуыл 2015 жылы 13 мамырда шетелдіктерге арналған концерт кезінде болды.

Талибан содырларының шабуылынан 5 адам опат болды. Оның ішінде Қазақстан азаматшасы Әйгерім Абдуллаева бар.

ҚР СІМ мәліметінше, Әйгерім Абдуллаева 1987 жылы дүниеге келген. Әйгерім күйеуімен Ауғанстан астанасында тұрып жатқан. Күйеуі – Италия азаматы. Ол Ауғанстанның индустрия және сауда министрлігінде шетелдік кеңесші қызметін атқарған.

Ниццеде 2016 жылы жүк көлігі бір топ адамды қағып өтті

Ницце

2017 жылы 15 шілдеде Ниццеде Францияның ұлттық күні тойланып жатқанда жүк көлігі бір топ адамды қағып өткен. Одан кейін атыс болған. Шабуылды ДАИШ террористік тобы мойнына алды.

Теракті нәтижесінде, 308 адам жарақаттанды. Көз жұмған 87 адамның қатарында Қазақстанның 4 азаматы бар. Олар – 1956 жылы туған Любовь Панченко, 1983 жылы туған Марина Панченко, 2013 жылы туған Сильвия Панченко және 1959 жылы туған Наталья ОТТО.

Санкт-Петербургтегі жарылыс, 2017 жыл

Метро

2017 жылы 3 сәуірде екі метро станцияның арасында жарылыс болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 14 адам мерт болды, 49 адам зардап шекті.

Ресейлік БАҚ-та қазақстандық 22 жастағы Максим Арышевтің терактіге қатысы бар деген ақпарат шықты, алайда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Кейінірек Максим Арышевтің опат болғаны анықталды.

2017 жылы Кабулдағы жарылыс

Теракті

2017 жылы 31 мамырда президент сарайы мен шетелдік елшіліктердің маңында жарылыс болды. Көп ғимарат қирады.

150 адам көз жұмды, 600 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі – Қазақстан азаматтары.

Автор: Федор Неделько

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар