Наталья Годунова республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда cайтына сілтеме жасай отырып.
Ол бұл лауазымға былтыр наурыз айында келген Нұрмұхамбет Әбдібековтың орнын басты.
Наталья Годунова еңбек жолын "Урал" агроөнеркәсіптік банкі" несие бөлімінің экономист маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдерінің кеңесшісі қызметін атқарды, сонымен қатар Қазақстан премьер-министрінің экономика бойынша орынбасарының кеңесшісі және "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған. Соңғы кездері Орталық сайлау комитетінің мүшесі лауазымын иеленген.