Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болып Леонид Прокопенко тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Елбасының бұйрығымен Леонид Прокопенко Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президентінің әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы секретариатының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», – делінген ведомства хабарламасында.
Елбасының бұйрығымен Мыңбай Дархан Қамзабекұлы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.