Көрерменге «Арам қат» деп айтқан қазақстандық актер ұятқа қалды

/uploads/thumbnail/20180227104929598_small.jpg

Ресейдің Сургут қаласында қазақстандық әзілкеш ұятқа қалды. Бұл жайында лайф.ру жазады.

Сабыров өнер көрсетіп тұрғанда көрермендердің бірі телефонмен қатты сөйлесіп, бірнеше рет «анашым» деп дауыстап айқайлаған.

Ал әзілкеш Нұрлан Сабыров қыздың концерт залынан жүгіріп шыққанын көріп: «Бұл не болды?», «Арам қаттың деп ойлаймын» деген. 

Концерт аяқталғаннан кейін қала тұрғындары желіде жас қыздың сол кештегі әрекетін сөз қылып, мән-жайды білуге тырысқан. Кейін қыздың жақын құрбысы сол күні олардың отбасында қайғылы жағдай орын алды деп мәселенің басын ашты.

Концерт болған күні қыздың анасы оған әкесінің қайтыс болғаны туралы хабар берген. Осы себептен әзілкештің жанкүйері концерт кезінде «анашым» деп айқай салып, залдан жүгіріп шыққан.

Нұрлан Сабыров концертте болған қызға хабарласып, кешірім сұраған.

Қатысты Мақалалар