Алматыда Әз Наурыз мерекесіне орай танымал әнші Қайрат Нұртас тегін концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Алматыдағы «Астана» алаңында әнші Қайрат Нұртас тегін ән кешін өткізеді.
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ән кешінде қалалық ІІД-нің екі мың полицейі Ұлттық ұлан сарбаздарымен бірге тәртіпті қадағалайтын болады.
Сонымен қатар «Астана» алаңында 105 бетондалған қорғаныс блоктары қойылып, Панфилов көшесінде 105 турникет орнатылды.
Айта кетейік, бүгін Алматы арена кешенінде «DISCO стиліндегі Наурыз» шарасында шетелдік әншілер өнер көрсетеді. Замануи би кешінде шетелдік әншілердің қауіпсіздігі мен қоғам тәртібін қадағалауға қалалық ІІД-нің 1 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады.
Спорт кешені маңына 25 бетонды блокпен 450 турникет орнатылған. Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда Наурыз мерекесі бір ай тойланады. 22 сәуірге дейінАлматыда 150-ге жуық шара ұйымдастырылады.
Пікір қалдыру