Ғани Садыбеков үйқамаққа ауыстырылды

/uploads/thumbnail/20180302151710180_small.png

Бұрынғы Энергетика вице-министрі Ғани Садыбеков екі айға үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Сот 19 наурызда Ғани Садыбековты үйқамаққа ауыстыру туралы шешім шығарды» деді Ғани Садыбековтың заңгері Альмира Шайхина.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Энергетика вице-министрін жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған.

2 наурызда Астана қаласының Алматы аудандық № 2 соты күдікті Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қарастырды.

Сот үкімімен күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы шығарылды. 3 наурызда Астана қаласының Алматы аудандық № 2 соты күдікті Бекзат Қадырберлин мен Жан Нұрбековты 2 ай мерзімге қамау туралы үкім шығарған.

Қатысты Мақалалар