29 наурызда Астанада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.
— 29 наурызда Астанада жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/c-қа дейін жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95% құрайды, - делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, 29-31 наурызда Астанада күн құбылмалы болады. Қала аумағында кейде қар жауып, тұман түседі, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрап, сынап бағанасы орташа есеппен күндіз -3...-5 °С, түнде -15...-17°С көрсетпек.