Шонжы шекара жасағы шекара заставасы бастығының орынбасары өзіне өзі қол салды, - деп хабарлайды BAQ.kz.
Олардың хабарлауынша, 2013 жылдың 4 ақпаны күні сағат шамамен 18:00 кезінде шекара нарядынан қайтар кезде отбасылық жанжал себебінен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасының Шонжы шекара отряды бастығының орынбасары Мұрат Қадырәлинов өзіне өзі қол салды. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін Орталық аппараттан ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары бастаған офицерлер тобы аттанды. Оқиға орнында Әскери Прокуратураның жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 31 қаңтар күні Алматыда өз кабинетінен ҰҚК Шекара академиясы бастығы, генерал-майор Талғат Есетовтің денесі табылған болатын. BAQ.kz.
Пікір қалдыру