Мәжіліс депутаттары Жетісу өңірінің әлеуметтік жағдайымен танысты

/uploads/thumbnail/20180404142809947_small.jpg

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Қ.Жабағиев, А.Смағұлов, С.Өтебаев, О.Шишигина Қаратал ауданы, Үштөбе ауылындағы «Тастөбе-Агрофуд» сүт-тауарлы фермасы мен «Бастөбе сервис-техникалық колледжінің жұмысымен танысты.

Кездесуде халық қалаулылары Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» туралы баяндап, талқылады.

 «Тастөбе АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда Үштөбе қаласынадағы сүт өңдеу заводына күніне 1500 тонна сүт өткізіледі, жыл соңына дейін 7000 мың тоннаға жеткізілуі жоспарлануда. Сүт-тауарлы фермада 90 бас сиыр, 120 бас құнжын, 90 бас бұзау бар. Жобаға 400 миллион теңге инвестиция құйылды. Алдағы уақытта осы мақсатта тағы 200 миллион инвестиция тартылады деп жоспарлануда», - дейді ферма басшысы Шыңғыс Ахметов.

Сүт-тауарлы ферма жұмысымен танысқаннан кейін Мәжіліс депуттары Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің оқытушылар және студенттерімен кездесті.

Колледж директоры Маликжан Жамалбековтың айтуынша, бес негізгі мамандық бойынша барлығы  316 шәкірт білім алатын колледждің материалдық-техникалық базасы толығымен жабдықталған.

Халық қалаулылары Қаратал ауданының әлеуметтік нысандарын аралап қана қоймай, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының маңыздылығы мен қажеттілігі турасында халықтың пікірін тыңдап, сауалдарына жауап беріп, шешілуі тиіс түйткілді мәселелерді назарларына алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар