ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова, Тарас Хитуов пен Геннадий Шиповских Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде орналасқан «Каспий Цемент» заводы ұжымымыен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл зауыт неміс технологиясы бойынша Хайдельберг маркасымен цемент шығарады. Ол өндіріс кезінде құрғақ бор пайдаланатын әлемдегі алғашқы заводтардың бірі. Өндірістік қуаты жылына 800 мың тоннаны құрайды. «Каспий Цемент» заводы аймақтың әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жергілікті тұрғындадың 60 пайызы осында жұмысқа орналасқан.
Кездесу барысында депутаттар баспаналы болуға, кәсіпкерлікті дамыту үшін несие алуға, жастардың грантпен оқуына мүмкіндік беретін президенттік бес әлеуметтік бастама жайында егжей-тегжейлі баяндады.
- Елбасының маңызды әлеуметтік бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етуде халықтың ұсыныстары мен пікірлері бізге өте қажет, - деді Бақытгүл Хаменова.
Кездесуде жұмысшылар депутаттарға өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты.
Пікір қалдыру