Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дінге қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Астанада шет тілдерден аударылған 18 кітап таныстырылды. Президент редакторлардың еңбегін жоғары бағалады.
«Дін қызметкерлері өз міндеттерін жоғары дәрежеде атқару үшін тарихты, дінді жақсы меңгеріп, жаратушының жалғыз, ал жолдардың әрқилы екенін ұғынулары керек. Біз әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларымен съезд өткізерде осы тақырыпты бәрі қозғайды, соған қарамастан дін ішінде соғыс жүріп жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған қоса, Елбасы академиялық ресурстардың кітаптарын жаңарту – қоғамдық сананың модернизациялануы үшін ғылыми іргетас екенін мәлімдеді.
«Кітаптарды парақтап отырып, бұрын соңды мұндай кітаптардың неге шықпағанына таңғаласың. Бізде ағылшын тілінде жұмыс істейтін бірнеше университет бар. Олар оқитын шығар, бірақ студенттер, оқушылар, жалпы қоғам оқымауы мүмкін», - деді мемлекет басшысы.