Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Лауренцю Христеамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ведомство таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 85-қадамы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің жалпыұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы оларды бүкіл қазақстандықтардың бойына сіңіруге бағытталған. зақ мерзімді қамтитын Ұлт Жоспарындағы бес реформаның бірі – Біртектілік пен бірлік.
Кездесу барысында екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері қаралды, атап айтқанда, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес қйымдарды гранттық қаржыландыру, халықтың осал топтарын қолдау және діни экстремизмге қарсы тұру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Дархан Кәлетаев азаматтардың ар-ождан бостандығына деген құқығын қамтамасыз ету және діни бірлестіктердің жұмысына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті.
Министр діни саладағы заңнамаға енгізілетін түзетулерге тоқталып, аталған заң жобасы аясында қабылданатын барлық шаралар біздің елімізде, жалпы өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік іргетасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы өңірлік ынтымақтастық, Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы жағдай туралы және министрлікпен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, тараптар ағымдағы жылдың 10-11 мамырында өтетін «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысына Еуропалық Парламент делегациясының қатысуын талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сындарлы ынтымақтастық қатынастарды дамыту маңыздылығы аталды.
Пікір қалдыру