Астанада мектеп өртенді

/uploads/thumbnail/20180505165609331_small.jpg

Астанада №61 мектептен өрт шығып, екі мыңдай адам эвакуацияланды. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенше мектеп әкімшілігі екі мыңдай адамды ғимараттан шығарған, дені — балалар.

Өрт туралы хабар сенбі күні сағат 13:56 кезінде түскен. Анықталғандай, Конституция көшесінде орналасқан №61 мектептің бірінші қабатында 10 шаршы метр жерде жиһаз өртенген. 

Өрт 14:11-де сөндірілді.

Оқиға орнына дәрігерлер де келіп жетті, зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Өрт сөндірілген соң бір сағаттан кейін балалар мектепке оралған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар