Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйдың жақтаушылары «Ол бізге патша емес» деген жазуы бар плакат ұстап, көшеге шықты.
Шара Ресей президенті Владимир Путинді ұлықтау рәсіміне қарсы өтіп жатыр. Рәсім 7 мамырда өтуі тиіс.
Жергілікті деректерге сәйкес, шеру Мәскеу, Петербург, Владивосток, Хабаровск, Оңтүстік Сахалинск және Иркутск қалаларында басталды.
Тұтқындалғандардың бар-жоғы жайлы ақпарат әзірге белгісіз.
Ресейлік саясаткер Навальныйдың пікірінше, 18 наурызда өткен президент сайлауы Владимир Путиннің өкілеттілігін «патшалық деңгейге» көтерген, сол себепті ол мемлекетті өзінің «жеке меншігіндей» көреді.
Ал «Ол бізге патша емес» акциясы елдегі жемқорлық, теңсіздік пен кедейлікті жоюға бағытталған екен.
Пікір қалдыру