Ақтауда жоғалып кеткен 4 жастағы бала көршінің пәтерінен табылды

/uploads/thumbnail/20180507103411485_small.jpg

Ақтауда 6 мамырда сағат 17:00 шамасында жоғалып кеткен 4 жастағы Қайрат 16 сағаттан соң табылды, - деп xабарлайды ҚазАқпарат.

4 жастағы Қайрат таңғы 4:30 шамасында өзі тұратын үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің бірінен табылған.

Тұрғындар, ерікті жастар, барлығы 500-ге жуық адам баланы жабыла іздеген болатын. Бала жоғалып кеткен 22-үйдің маңындағы үйлер, бос жатқан жерлер, қоқыс жәшіктері қаралған.

Еріктілер сол маңдағы дүкендердің бірінің бейнекамерасынан 4 жастағы Қайраттың өзі тұратын үйге кіріп, содан шықпағанын көрген.

Куәгерлердің айтуынша, түнгі 1-ден бастап, 22-ші үйдің әрбір пәтерінің тұрғыны шығарылып, полицейлер жеке-жеке іздестіру жұмыстарын жүргізген.

7-қабатқа келгенде бір пәтер иесі есігін ашпайды. Үй иесі жолдасының сыртынан кілттеп, жұмысқа кеткенін айтады. Ақыры, үй иесі шақыртылып, есік ашылады. Бала сол пәтердің ішінде екен. Қазір бүлдіршіннің қалай ол пәтерге кіргені тексеріліп жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар