Базынасы бітпейтін Байқоңыр. Жаңа шешім – бағы ма, соры ма?

/uploads/thumbnail/20170708150913956_small.jpg

   8 ақпан  күні  Кремльде өткен  Ресей  мен Қазақстан  президенттері  В.Путин мен  Н.Назарбаевтың   кездесуінде ел  басшылары  «Байқоңырдың мәселесі  шешілді»,− деп  мәлімдеді.    «Байқоңыр»   ғарыш  айлағын  пайдалануда екі  тарапқа  да тиімді  болатын бір   тоқтамға  келгендерін  айтты.

Кездесу  барысында  екі  ел  басшылары   2013-2015 жылдарға  арналған  серіктестік  мәселелерін талқылап,  Бірыңғай экономикалық  кеңістіктің  құрылу  барысы  және   Еуразиялық  экономикалық  Одаққа  ену  мәселесін  сөз етті.  Сондай-ақ, екі  мемлекет  жоғарғы деңгейлі  байланыста  болатындарын  айта  келіп,   Байқоңырдың  жайына  ауысты.

Ресей  мен  Қазақстан  сарапшылары мен  арнайы  мекеме  жетекшілері   «Байқоңыр»  космодромын   пайдалануға қатысты  екі жақты  маңызды  байламдар  жасағандарын,  нәтижесінде ел  басшылары   екі  тарапты  да  қанағаттандыратын  шешім  қабылданғандығын  айтты.  Алайда  шешімнің  қандай  екені   туралы  нақты  мәліметтер  әлі  шыққан  жоқ.

Бір айта  кетері,  Ресей  басшысы В.Путин  «Байқоңырға»  қатысты   туындаған  дауға  мүлдем  көңіл  бөлмейтінін  жеткізді.

Естеріңізге  сала  кетейік,  «Байқоңыр» ғарыш айлағын  көрші  Ресей Федерациясы  2050 жылға  дейін жалға  алған  болатын.  Жалдау  құны жылына  5 млрд.  рубльдің  айналасында. Жалдау  уақыты  кезінде  Байқоңыр аймағы РФ құзырында  болады  және  Байқоңыр  қаласының  федерациялық құқығы  бар.

Алайда өткен  жылдың  желтоқсанында Байқоңырдан шу  шыққан-ды. Ұлттық Ғарыш агенттігінің  басшысы  Талғат  Мұсабаев  парламентте  мәлімдеме жасап,  Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыру санын азайтуды көздеп отырғанын айтып, Ресейді «Бәйтерек» зымыран ғарыш кешенін құру жайлы уәдесінен тайқыды деп айыптаған. Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты жаңа келісімнің дайындалып жатқанын, бұдан былай Байқоңыр ғарыш айлағы және Байқоңыр қаласы Қазақстан билігіне өтетінін мәлім еткен еді. Сондай-ақ,   Қазақстан  жағы  2013 жылға  арналған  ұшу  жоспарын  құптамай,  "Протон-М" зымырандарының  санын  қысқартқан болатын.  Осыған  байланысты Ресей  тарапы  да жалдау  құнын  қысқартуды  талап  еткен.

Осыдан біраз бұрын  Ресейдің  Сыртқы  істер министрі  С.Лавровтың  айтуына  қарағанда,  ресми Мәскеу  «Протон-М»  зымырандарын  ұшырудың  шарты мен  санын  талқылаудың   ешқандай  қажеті  жоқ.  Және  ұшыру  саны  бойынша  тараптар  арасында  бірінші  рет келіспеушілік  болып    отырған  жоқ:  «Сондықтан  мұндай  жағдайда  шулайтын  еш себеп  көріп тұрған  жоқпыз,  Бұл  тек  жұмыс  бабы»,- деп  жауап  берген.  Сондай-ақ, қазақстандық сарапшы  Ерлан Ыдрысов та  ешқандай  келіспеушіліктің   жоқ екенін  айтып,  «Қазақстан  Байқоңыр  ғарыш айлағын  Ресеймен  бөлісуді  тоқтатпақ»   деген  кауөсетті жоққа  шығарды.

Сөйтіп,  Байқоңыр  ғарыш  айлағы  төңірегінде  біраз  дау-дамай   туындаған.  Ал  күні  кеше  Кремльде  өткен  кездесуде  қабылданған  шешім   Байқоңырдың  бағын  аша  ма,  әлде  сорын  одан әрмен  қайната  ма, белгісіз...

Мәліметтер  http://www.odnako.org сайтынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар