Исекешев жаяу жүргіншілерден кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20180512102310670_small.jpg

Астана әкімі Әсет Исекешов жаяу жүргіншілер жолағын күндіз бояуға қарсы болған Facebook қолданушысының наразылығына жауап берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Желідегі «Астана – Кім? Қайда? Қашан?» тобының мүшесі жаяу жүргіншілер жолағын күндізгі уақытта бояп, жолда кептеліс тудырған жұмысшыларға шағымданған.

«Құрметті Астана қаласының әкімшілігі, жолақтарды Алматыдағыдай түнде бояуға болмай ма? Міндетті түрде онсыз да кептелістен абыр-сабыр болып жататын күндізгі уақытта жасау керек пе?», - деп жазды ол.

Шаһар басшысы жауапты кешіктірмей, болған жайды түсіндіріп берді.

«Жолдағы жолақтарды бояу ауа райының қолайсыздығынан кешіктіріліп жатыр. Бояу жұмыстарын жүргізу үшін ауа температурасы +15 градус болуы тиіс. Алдағы күндері ауа райы түзелгенде күндіз де, түнде де жұмыс жасайтын боламыз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Сонымен қатар жолды жөндеу жұмыстары басталады»,- деп жауап берді қала әкімі.

Желі қолданушылары әкімге жедел жауабы мен жеке сұраққа назар аударғаны үшін алғыс айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар