Грузияда наразылық акциясы өтіп жатыр

/uploads/thumbnail/20180512101626924_small.jpg

Жүздеген адам таң ертең Грузияның парламент ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бір топ адам Грузияның ішкі істер министрлігі Тбилисидегі адам көп келетін түнгі клубтарда жүргізген арнайы операциясына наразылықтарын білдірді.

Митинг өтіп жатқан жерді полиция қоршауға алды. Полиция акцияға қатысушыларды ұстап жатыр. Полиция бөлімшесіне жеткізілгендердің бірі – Грузияның президенттік сайлауына түсуге ниетті екенін айтқан «Гирчи – жаңа саяси орта» партиясының басшысы Зураб Джапаридзе.

Түнде түнгі клубта жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде 35 адам ұсталған. Олардың арасында АҚШ пен Британия азаматтары бар. Арнайы операция есірткі саудалайтындарды ұстау мақсатында жүргізілген. Түнгі бірде "Басcиани" (Bassiani)  және "Галери" клубтарында арнайы операция жүргізілген.

Полицияның мәліметінше, арнайы операция сот шешіміне сәйкес жүргізілді. Соның нәтижесінде есірткі саудасымен айналысқан 8 адам ұсталды.

Клуб қонақтары полицияның әрекетіне қарсы шығып, полицияны балағаттаған. Олардың жартысын полиция ұстады. Олардың арасында "Басcиани" клубының иесі Звиад Гелбахиани де бар екені анықталды.

Клубта сатылған есірткіден 5 адам қайтыс болған. Сегіз адам ауруханаға түскен. Грузияның ІІМ әлі сараптама нәтижесін жарияламады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар