Қазақстанның ауа райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал етеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның бірнеше облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында жаңбыр жауу мүмкін.
Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.
Қазақстанның шығысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батыс жартысында - нормадан 4-6 градус жоғары болады.
Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды.
Пікір қалдыру