Қазақ киносының шынайы жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық - «Киви» бейнепорталы қазақ фильмдерін біріктіріп, арнайы интернет-кинозалын ашып отыр, деп жазады «Айқын» газетінің тілшісі Әйгерім Досым. Кинозалда көркем, тарихи һәм деректі кинофильмдер топтастырылған. Тіпті, анимациялық кинотуындылармен қатар, қазақ киносының классикалық үлгілері мен соңғы киноленталарды да табуға болады. Кiwi.kz/kazakhfilm деп аталатын порталдан 23 отандық өнімді табуға болады. Кинотуындыларды оңай іздеп, еркін көре аласыз. Қуантарлығы, әрбір киносеанс үшін ақы төленбейді. Болашақта мұрағат қоры толықтырылады. Тағы бір қуантарлық жайт, отандық кинотуындыларды тек қазақстандық киномандар ғана емес, шетелде тұратын қандастарымыз да тамашалай алады. Аталмыш жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қазақстандық интернетті һәм ресурстарды дамыту ассоциациясының мұрындық болуымен жүзеге асырылып отыр. Ал «Киви» ресурсы - жобаның негізгі әріптесі. http://www.inform.kz
Пікір қалдыру