Түрмелерде туберкулез өршіп тұр

/uploads/thumbnail/20170708150916240_small.jpg

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерік Байжүнісовтың айтуынша, жабық мекемелердегі құрт ауруына шалдыққан науқастарды емдеу деңгейі 85 пайызға жеткен. Еліміздегі түрмелерде туберкулезге қарсы күрес көңіл көншітпейді. Бүгін Мәжіліс қабырғасында өткен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кезекті отырысында осы мәселе козғалды. Халық денсаулығы жайында баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерік Байжүнісовтың айтуынша, жабық мекемелердегі құрт ауруына шалдыққан науқастарды емдеу деңгейі 85 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, қоғам дертіне айналған араққа салыну, шылым шегу сынды зиянды әдеттермен қалай қүресіп жатқанын баяндады.Осы ретте сөз алған депутаттар халықаралық тәжирибені жинап, тиісті министрліктер тізе қосып күресу керектігі айтылды. Мәселен, Норвегияда, мереке күндері, демалыс күндері арақ сатуға тыйым салынған. Оны бұзған мейрамхана, дүкендер лицензиядан айрылады. Норвегияның осы тәжирибесін Ресей де енгізіп жатыр. «Туберкулездің таптырмас емі - қымыз. Ал, бізде осы ұлттық тағамның өндірісі жолға қойылмай келеді»,деп ашынды депутат Алдан Смайыл. Оның айтуынша, Германияның өзінде 50 мамандандырылған қымыз фермасы бар. Ал, Ресей жылына 500 тонна балалар тағамын дайындайды, осы қымыздан. Якутияның өзінде барлық балабақша, мектептердегі балаларға тегін қымыз беріледі екен.

Алдан Смайыл, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Екінші мәселе - тамақтану. Өзіміз қандай тамақ ішіп отырмыз, соны зерттедік пе? Сондықтан өзіміздегі тамақ өнімдерін өндіруге уақыт жетті. http://kaztrk.kz          

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар