Қазақ баспасөзі тағы бір жаңа басылыммен толықты. Ақпан айының 14 күнінен бастап Шымкенттен республикаға тарайтын «Жебе» газеті шыға бастады. Жаңа басылым ұлттық һәм түркілік бағытты ұстануды көздеп отырған жайы бар. Тұрақты авторлары да жоқ емес. «Жебе» газеті жұртшылықты оңтүстік өңірінің тыныс-тіршілігінен хабардар етумен қатар, республика көлеміндегі тақырыптарды да көтеретін болады. Басылымның бас редакторы - Захардин Қыстаубаев. Жаңа газет халықаралық деңгейдегі ақпараттарға ресейліктердің көзімен емес, өзге қырынан қарауды мақсат тұтады. Сонымен бірге түркі тектес елдердегі жаңалықтарға назар аудармақ ниетте. Сондай-ақ, белгілі ғалымдар Амангелді Айталы, Тұрсын Жұртбай сынды азаматтар тұрақты түрде жеке айдар жүргізетін болады. Қысқасы, жаңа басылымның мақсаты биік. http://www.inform.kz
Пікір қалдыру