Қазақстанда мемлекеттік саяси қызметшілер саны 8 есеге азаяды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің тоғызыншы отырысында айтылды.Жиын барысында Агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменов 26 наурызда ҚР-да мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жұмыс жасайтындығын айтты. Бұл ретте Мемлекеттік қызмет туралы Заңға өзгерістер енгізілетін болады. «- Біз Заңға енетін өзгерістердің негізгі қағидаттарын өткен сегіз басқосуда талқыладық. Мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін Заңға өзгерістердің енгізілгені дұрыс. Себебі қазір кейбір басшылар қызметін ауыстырғанда ізінен өзінің «командасын» жинайды, екіншіден, әлі де болса мемлекеттік қызметкерлерге әдептілік және жемқорлық тұрғысынан алғанда, кейбір талаптардың орындалмауы көрініп жатады. Үшіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен мемлекеттік қызметтің көрсету сапасын көтеру керек», - деді Ә.Бәйменов. Сонымен қатар агенттік төрағасы алдағы уақытта мемлекеттік саяси қызметшілер саны 8 есеге қысқаратынын жеткізді. «Әлемдік тәжірибе негізінде, еліміздегі 3300-ге жуық саяси қызметкерлер саны 400-ге қысқарталады., - деді ол. http://www.baq.kz
Пікір қалдыру