Менингит Қазақстанның тағы бір облысына жетті

/uploads/thumbnail/20180531155844484_small.jpg

Қызылорда облысында Жаңақорған ауданында бір адам менингит дертіне шалдықты. Дәрігерлер науқастың жағдайы тым ауыр деп отыр. Оған тиісті сараптамалар мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

«Бүгін дәрігерлер науқастың хәлі ауыр, бір қалыпты деп бағалады. Онымен байланыста болған 11 адам бақылауға алынды. Өңірде менингококк жұқпасын ертерек анықтау бойынша профилактикалық шаралар атқарылып жатыр», — деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының 

Қазақстанда биыл менингококк жұқпалы инфекциясы тарап жатыр. Жыл басталғалы 8 адам аталмыш аурудың салдарынан көз жұмды. 30-ға жуық науқас ауруханада емделіп жатыр. 

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстармен (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз;

Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына  баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды жинау жүргізу.

Созылмалы инфекция ошақтарының санация жүргізу маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару тиіс және мүмкіндігінше алдын-алу мақсатында.

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет.

Тону, ашығу, ұйқысыз, стресс және т. б. аулақ болу.

Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!

Қатысты Мақалалар