Назарбаев: Астаналық студенттер базардағы лашықтарда күнелтіп жүр

/uploads/thumbnail/20180601152208388_small.jpg

ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген жиналысында студенттерге жатақхана салу мәселесіне тоқталып өтті.

«Бұл идея маған қайдан келді? Мен қаланы аралап жүріп студенттердің базарлардағы лашықтарда күнелтіп жүргендерін көрдім, олар тек түнеп шықса болды. Сабақ оқуға да, дұрыстап жуынуға да ешқандай жағдай жасалмаған. Ендеше бізде білім саласы қалай дамиды? Мұндай жағдай тек Астанада ғана емес, барлық жерде бар. Қалада ата-анасымен бірге тұрып университетке баратын студенттер бар, сонымен қатар басқа қаладан келген студенттер де жетерлік», - деп айтып өтті Елбасы.

«Менің ойымша, жастарға сапалы білім беру үшін алдымен оларға жақсы жағдай жасау қажет. Жазда студенттер отрядын ұйымдастырсақ қалай болады? Кейін өздері тұратын жердің жұмысына атсалысқан оларға да ұнайды деп ойлаймын. Сапасын да, құрылыстың қарнынын да өздері бақылап жүретін болады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген жиналысы өтуде.

Қатысты Мақалалар