Елбасы ОҚО-да зорланды деген баланың ісіне қатысты: Неге заң бұзылып жатыр?

/uploads/thumbnail/20180601151240005_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды деген баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді.

"Қауіпсіздік Кеңесінде Оңтүстік Қазақстан обылысында жеті жасар баланы жоғарғы сынып оқушыларының зорлағаны жайлы айтылды. Бұл оқиғаны көпшіліктің назарына ілікті. Алайда ешкім ештеңені дәлелдей алмады. Неге екенін білесіздер ме? Себебі, полиция – туыстары, органдағылар да – туысары. Одан да жоғары лауазымдағылар – тағы туыстары. Істі жабу үшін бәрі дайын тұр. Неге заң бұзылып жатыр?", – деді Елбасы. 

Еске сала кетейік, ОҚО-дағы Сарыағаш ауылында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жастағы баланың оқиғасы қоғамды дүрліктірді. Баланың әжесі құзырлы органдарға немересінің бес ай бойы зорланып келгенін айтқан. Алайда бұл іс дәлелденбеді. Себебі аудадық білім бөлімі "сараптама нәтижелері баланың зорланғанын жоққа шығарды" деп хабарлады. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Қатысты Мақалалар