Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігіндегі солтүстік-батыс аудандарынан келген ылғалды және суық ауа массалары әсер ететін болады. Соның салдарынан демалыс күндері елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. Нөсер жауын жауып, арты найзағайға ұласады. Елдің солтүстігі мен орталығында үсік жүреді деп болжанады. Бірақ елдің оңтүстік өңірлерінде Иран аумағынан келген ауаның салдарынан күн ысиды.
Бұл туралы Қазгидрометтің инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева хабарлады.