Германияның Люнебах қаласындағы «Ейфель» зообағынан жыртқыш аңдар қашып кеткен. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Зоббақтан екі жолбарыс, екі арыстан, ягуар және аю қашып кеткен. Полиция қызметкерлерімен қоса ветерандар, сонымен қатар өрт сөндіру қызметкелері аңдарды іздестіру шараларына кіріскен.
Шетелдік басылымдардың мәліметінше, аюды атып тастаған. Ал жануарлар зообақтағы қоршауларға зақым келгендіктен еш қиындықсыз шығып кеткен. Арнайы мамандар тұрғындардан үйлерінен шықпауды, жыртқышты көріп қалған жағдайда бірден хабарласуды ескертті.