ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ұсталды

/uploads/thumbnail/20180602125311731_small.jpg

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұржан Теңлібаев ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұржан Теңлібаев арнайы қылмыстық жоспар құрып, өзіне бағынатын төрт кедендік бекеттің басшыларын тартқан. Атап айтқанда, сыртқы экономикалық қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден пара алуды ұйымдастырды», - деп жазылған хабарламада. 

Ұлттық бюро ұсынған мәлімет бойынша 2017-2018 аралығындағы кезеңде алынған заңсыз сыйақы мөлшері 1,2 млн долларды құраған.

Н.Теңлібаев аталған фактілер бойынша қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Қатысты Мақалалар