Біртанов Тоқаевтың менингит жайлы айтқан сынына жауап берді

/uploads/thumbnail/20171217134429072_small.jpg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың менингит жайлы пікіріне жауап берді.

«Иә, тұрғындармен баяу жұмыс істеп жатырмыз, онымен келісеміз. Себебі қоғаммен қарым-қатынаста болу форматы қатты өзгерген. Қазіргі уақытта халықпен әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеу үйреніп жатырмыз», - Біртанов.

Бұған қоса, эпидемияға қарсы шаралар Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалары мен стандарттарына сай жүзеге асады.

«Медициналық көмек көрсету ұйымдарына келер болсақ, біз бәрін мойындаймыз. Бұл кемшіліктердің бәрін реттейміз», - деді Біртанов.

Сейсенбіде өткен Үкімет отырысы барысында Біртанов сол күні-ақ менингококк инфекциясы кең таралған Алматы қаласы мен Алматы облысына жол жүруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар министр медициналық көмек көрсететін ұйымдарды да тексеретінін айтты.

Менингит салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, сапары барысында олармен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл басталғалы 13 адам көз жұмды. Олардың алтауы 14 жасқа толмаған балалар. Ал инфекциядан көз жұмғандардың көбі Алматыда.

Қатысты Мақалалар