Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин менингококк инфекциясының алдын алу үшін ҰБТ-ға байланысты кеңес берді.
«Бұл – өзекті мәселе. 20-30 маусым аралығында 147 мекемеде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Осыған орай Білім министрлігімен шараны өткізу жолдарын ақылдасып жатырмыз. ҰБТ тапсыратындардың саны көп және тестілеу төрт сағатқа дейін созылады», - деді Бекшин орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.
Бекшиннің айтуынша, ҰБТ медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтетін болады.
«ҰБТ ұйымдастырушыларына алдын ала дайындық жұмыстарын түпкілікті жүргізуді тапсырдық. Мекеме ішінде дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіп, ішін желдету қажет. Тазалау жұмыстарын жүргізерде терезелердің ашық тұрғаны жөн», - деді ол.
Бекшиннің сөзінше, бұл процестер жұқпалы дертті болдырмаудың оңтайлы әдісі.
Пікір қалдыру