2018 жылы баспа қызметін пайдалану 21 пайызға артқан. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, ҚР баспа үйлері 9,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,5 пайызға көп. Бұл жайында energyprom.kz жазды.
Қолданушылардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Ол ҚР бойынша 35,9 пайызын алады. Ал елордалық басылымдар 32,2 пайызын құрап отыр.
Газеттердің үлесі – 38,1 пайыз болса, журналдардарды басып шығару 10,2 пайызды алады. Кітап шығару 8,5 пайызды көрсетіп тұр.
Ауылдық жерлердің үлесі – 4,4 пайыз.
Өткен жылмен салыстырғанда газеттің бағасы республика бойынша 97 теңгеге артқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға көп.
Оқу анықтама әдебиеті өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артқан, ел бойынша орташа бағасы – 1236 теңге.
Пікір қалдыру